«Жастарға» жиналды

Футбол орталықтары мен академияларының жасөспірімдері арасында ҚР біріншілігінің 1 тур ойындары өтті

Балғындар «Жастар» стадионына жиналды. Иванов жаттықтыратын «Тобыл 2005» командасы «Семей 2005» ұжымын 5:1 есебімен ұтты. Бұл кездесуде Кирилл Петренко айып добынан есеп ашты. Мұнан соң ол пенальти соғып, дубль жасады. Алаң иелері сапынан Айқын Қаженов те дубль авторы атанды. Алексей Бочаров та голсыз кеткен жоқ. Ол командасының 5-ші добын соқты. Семейліктер есеп айырмасын бір допқа қысқартты. 

Сондай-ақ, бүгін Виталий Старновский шәкірттері «Ордабасы 2004» командасына есе жіберді. 0:1. Енді олар келесі турда «Тараз 2004» жасөспірімдеріне қарсы ойнайды.

Владимир Горналев баптайтын «Тобыл 2003» Семей жастарының қақпасына 2 гол соқты. Көзге түскендер: Егор Дементьев пен Әли Ахмет.

Бұған дейін Лакамовтың жігіттері «Жетісу 2001» командасын 3:1 есебімен жеңді. Жүргенов, Жұмашев соққан голына талдықорғандықтардың автоголы қосылды. 

 

«Тобыл» ФК баспасөз қызметі



  • Instat по осени считаем
  • Видео церемонии награждения «Тобола»
  • «Золотая осень» принесла золото костанайцам
  • Итоги чемпионата Казахстана по футболу среди команд премьер-лиги сезона-2018
  • Нурбол Жумаскалиев объявил о завершении карьеры футболиста
  • »Тобол» наградили бронзовыми медалями чемпионата
  • »Тобол» — «Кызылжар СК»: видеообзор
  • »Тобол» — «Кызылжар СК»: фотоотчет
  • Марек Зуб: Эти медали- заслуга людей, которые работали с командой раньше
  • Андрей Кучерявых: Обидно, что наша команда покидает Премьер-лигу