01 Шіл

Жаздың екінші айына арналған ойын жоспарымыз осы сенбіде басталады. Сары-жасылдар «Елімайға» қонаққа барады. 13 шілдеде қостанайлықтар өз алаңында Көкшетаудың «Оқжетпесін» қабылдайды. «Тобылдың» келесі ойыны 20 шілдеге белгіленген. Қарсылас – «Ақтөбе». Айдың соңғы сенбісінде, 26 шілдеде, астықты аймақтың жігіттері «Қайратпен» кездеседі. Просмотров: 0

01 Шіл

Жартылай қорғаушы @rtsonev21 тараптардың өзара келісімі бойынша қостанайлық клубтан кетті. Болгариялық ойыншы барлық турнирде 22 матчта алаңға шығып, 2 гол соқты. «Тобыл» футбол клубы Цоневке атқарған жұмысы үшін алғыс білдіреді және алдағы мансабында сәттілік тілейді. Просмотров: 0

23 Мау

Осы сәрсенбіде Қазақстан Olimpbet-Кубогы 1/2 финалының«Жеңіске» қарсы бірінші матчы өтеді. Ойын «Орталық» стадионда сағат 20:00-де басталады. Шығыс мінберге кіру тегін, ал батыс мінбердің билеттерін fctobol.kz сайтынан сатып алуға болады. Маңызды ойында күтеміз, қостанайлықтар! Просмотров: 4

17 Мау

«Тобыл» қорғаушысы «Қайсарға» қарсы ойыннан кейін @qostanai_tany газетінің сұрақтарына жауап берді. – Сіздің ойыңызша, кешегі матчта жеңіске жету үшін не жетіспеді? – Біз өте жақсы ойын өткіздік, бірақ, өкінішке орай, гол соғатын сәттерімізді жүзеге асыра алмадық. Жеңіске жету үшін мүмкіндіктер жеткілікті болды, бірақ бірде дәлдік, ал екіншісінде салқынқандылық жетіспеді. Біз бұдан артығына лайық болдық деп…

30 Мам

🔜 Қостанайлықтардың чемпмонат жолындағы кезекті қарсыласы «Атырау» болмақ.   Ойын 30 мамырда сағат 18:30-де басталады. Билеттерді fctobol.kz сайтынан сатып ала аласыз.   ‼️ Маңызды ақпарат! Шығыс мінбердің орындарына кіру тегін.   Достарыңызды алып, сүйікті командаңызды қолдауға келіңіз! Алға, «Тобыл»! Просмотров: 5

26 Мам

«Сары-жасылдар» қақпашысының матчтан кейінгі пікірі: – Ойынға қоятын мақсатымыз әрдайым біреу – алаңға жеңіске жету үшін шығу. Құдайға шүкір, бүгін жеңіске жеттік, бәрі сәтті өтті. Алғашқы таймда гол соққанымыз өте маңызды болды, бұл бізге сенімділік сыйлады. «Тұран» биыл керемет ойын көрсетіп жүр. Өте мықты команда, мінезді ойыншылар. Олар да біз сияқты әрдайым бір-бірі үшін жанын…

20 Мам

Қазақстан ұлттық құрамасы 31 мамырда Астанада оқу-жаттығу жиынын бастайды. 5 маусымда Қазақстан Беларусь құрамасымен жолдастық матч өткізсе, 9 маусымда Солтүстік Македониямен кездеседі. Просмотров: 3

15 Мам

«Тобыл» – «Ордабасы» матчының билеттері сатылымда Құрметті жанкүйерлер, осы жексенбі күні сағат 18:00-де Қостанайдың «Тобылы» мен Шымкенттің «Ордабасы» командалары кездеседі. Назар аударыңыз: «Орталық» стадионының аумағында жөндеу және коммуникациялық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты матч «Тобыл Арена» манежінде өтеді. Жөндеу жұмыстары 25 мамырға дейін аяқталады. Осыдан кейін команда мен жанкүйерлер «Орталық» стадионға қайта оралады. Билеттерді клубтың ресми сайты…

24 Сәу

«Тобыл» футбол клубы өкілдері Қостанай қаласының Физика-математикалық лицейіне барды. Лицей оқушыларымен Облыстық футбол одағының вице-президенті Болат Ысқақов, футболшылар Асхат Тағыберген, Роман Асранкулов, Александр Зуев және клуб менеджері Марат Күзембаев кездесті. Болат Ысқақов пен Марат Күзембаев балаларға клубтың бай тарихы, жетістіктері мен қазіргі қызметі туралы айтып берді. Оқушылар футболшыларға өздерінің мансабы, жетістіктері мен кәсіби спорттағы қиындықтары,…