26 Июн

Осы жексенбіде бізді «Алтайға» қарсы матч күтіп тұр. Ойын уақыты – 18:00 | «Орталық» стадион Шығыс мінберге кіру тегін. Ал батыс мінбердің билеттерін біздің сайттан сатып ала аласыз: fctobol.kz. Стадионда кездескенше!

03 Июн

Маусым айында «Тобылды» Қазақстан Премьер-лигасының үш кездесуі күтіп тұр. 13 маусым күні сары-жасылдар өз алаңында петропавлдық «Қызылжарды» қабылдайды. 21 маусымда жерлестеріміз Көкшетауға барып, жергілікті «Оқжетпеспен» кездеседі. Ал 28 маусым күні Қазақстан Премьер-лигасының 15-туры аясында «Тобыл» өз алаңында «Алтайды» қабылдайды.

22 Май

“Тобылдың” келесі қарсыласы-шымкенттік “Ордабасы”. Ойын 23 мамырда сағат 20:00-де өтеді. Шығыс мінберіне кіру тегін! Батыс мінбердің билеттері онлайн сатылымда (fctobol.kz) Достарыңызды алып, өз командаңызды қолдауға келіңіз. Алға, “Тобыл”!

22 Май

Шабуылшы Рубин Хебай тараптардың өзара келісімі бойынша қостанайлық клубтан кетті. «Тобыл» футбол клубының ұжымы Рубинге атқарған жұмысы үшін алғыс білдіреді және алдағы мансабында сәттілік тілейді.

14 Май

“Кайсар” мен “Тобыл” арасындағы Қазақстан Кубогының ширек финалдық кездесуі матчтан кейінгі пенальти сериясында аяқталды. Бұл сында алаң иелері 5:3 есебімен басым түсті. Қызылордада өткен матчта костанайлық клуб ойын тізгінін өз қолында ұстады. Алғашқы таймда Бақдәулет Қөңілімқос есеп ашқанымен, сары-жасылдар шабуылда белсенді ойынын жалғастырып, 78-минутта таразы басын теңестірді. Миловановичтің пасынан кейін қорғаушыдан серпілген допқа бірінші болып…

11 Май

Сары-жасылдардың шабуылшысы павлодарлық «Ертіске» қарсы матч туралы пікірін білдірді: — Он адаммен ойнау өте қиын болды, бірақ команда мінез көрсетіп, соңына дейін күресті. Әрқайсымыз бір-біріміз үшін бар күшімізді салдық. Жанкүйерлерімізге мың алғыс, олардың қолдауы біз үшін өте маңызды және ең қиын сәттерде алға ұмтылуға күш береді. Қазір бар ойымыз қалыпқа келіп, сырт алаңдағы Қазақстан Кубогы…