17 Нау

Игорь Сергеев: «Ойынды толықтай бақылауға алдық» «Шахтер» қақпасына дубль жасаған шабуылшы пікірімен бөлісті: – Бас бапкер атап өткендей, қиын ойын болды. Біз ойынды толығымен бақыладық, тіпті көбірек гол соғуға мүмкіндік алдық. Бірақ матчты бұлай аяқтау жақсылыққа жетелемейді, өйткені қарсыластың да гол соғу мүмкіндігі болды. Менің екі голымның біздің командаға жеңіс әкелгеніне өте қуаныштымын. Қателіктер бар,…

10 Нау

Билеттер сатылымда 14 наурызда қостанайлықтар «Шахтерді» қабылдайды. Кездесу сағат 19:00-де басталады. Бұл ойынға билеттерді бүгіннен бастап біздің ресми сайтымыздан (fctobol.kz.) сатып ала аласыз. Билет бағасы – 1000 теңге, зейнеткерлер мен балаларға 500 теңгеден. Просмотров: 7

09 Нау

2023 жылғы Қазақстан OLIMPBET-Чемпионатының II туры атақты бапкер Леонид Константинович Остроушконың құрметіне өтеді.   Остроушко – қазақстандық футболдың ұлы тұлғасы. Жаттықтырушы ретінде Леонид Константинович көптеген қазақстандық командаларда қызмет етті. Олар: «Қайрат», «Цементник», «Алатау», «Целинник» және «Шахтер».   Леонид Константинович Остроушко КСРО спорт шебері және Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Оның бастауымен «Цементник» КСРО чемпионатының қазақстандық…

06 Нау

Мильян Вукадинович: «Бірінші таймда сақ қимылдадық» «Тобылдың» жартылай қорғаушысы «Ақсумен» ойыннан кейін пікірін айтты. — Біз бірінші таймда сақ қимылдадық, бірақ гол соққаннан кейін басымдықты қолға алдық. Ең бастысы, біз чемпионаттың алғашқы матчында өз жанкүйерлеріміздің алдында жеңіске жеттік. Бұл жеңіс бізге келесі ойындарға сенімділік беруі тиіс. Просмотров: 9

06 Нау

Ислам Чесноков: «Өз алаңымыздағы бірінші ойын, қобалжу болды» Сары-жасылдардың жартылай қорғаушысы Қазақстанның Olimpbet-чемпионаты аясындағы «Ақсуға» қарсы жаңа маусымның алғашқы матчына қатысты пікір берді. — Байқағандарыңыздай, ойынның басында шамалы қобалжу болды. Мұны маусымның басындағы бірінші матчпен байланыстыруға болады, бұған қоса жанкүйеріміздің алдында айтарлықтай жауапкершілік сезіндік. Гол соққанына қуаныштымын, бірақ ең бастысы, команданың жеңісі. Жанкүйерге қолдау білдіргені…

06 Нау

«Тобыл» футбол клубы ФО жаттықтырушысы Нұрлан Өтебековке ұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты көңіл айтады. Нұрлан Қазтайұлы, бұл үлкен қасірет және басқа түскен ауыр сынақ. Біз сіздің қайғыңызға ортақпыз. Просмотров: 6

27 Ақп

Біз «Тобылдың» үй матчтарына электронды билеттерді сатуды ашамыз. 4 наурызда қостанайлықтар «Тобыл Арена» манежінде «Ақсуды» қабылдайды. Матчтың басталуы – 18:00. Билеттерді біздің ресми сайтымыздан сатып ала аласыз – fctobol.kz. Достар, Olimpbet БК-мен бірге футбол жанкүйерлері үшін керемет сыйлықтар ұтып алатын акцияны бастаймыз. Ұтыс ойынына қатысу оңай – «Тобыл» – «Ақсу» матчына билет сатып алып, Instagram-да…