06 Мау

Сары-жасылдардың жартылай қорғаушысы Бейбіт Ғалым еліміздің жастар құрамасына шақырту алды 21 жасқа дейінгі жастар құрамасы 10-17 маусым аралығында Шымкент қаласына жиналады. Просмотров: 5

01 Мау

12 турдағы «Тобыл» – «Қызылжар» командалары арасындағы матч ауа райының қолайсыздығына байланысты кейінірек басталады Синоптиктердің болжамы бойынша, аптаның соңында аймақта ауа температурасы жоғары болады (+34,+35). Осыған байланысты «Тобыл» футбол клубы матчты 18:00-ден 20:00-ге ауыстыру туралы өтінішпен ҚКФЛ-ға хат жолдады. Бұл шешім, ең алдымен, ойынға қатысушылардың денсаулығын сақтау және жанкүйерге қолайлы жағдай жасау үшін көзделіп отыр. Тиісінше,…

31 Мам

3 маусым күні қостанайлықтар «Орталық» стадионда «Қызылжарды» қабылдайды. Кездесу сағат 18:00-де басталады. Бұл ойынға билеттерді бүгіннен бастап біздің ресми сайтымыздан (fctobol.kz.) сатып ала аласыз. 1 маусым күні билеттер стадионның кассасында сатылады. Просмотров: 3

28 Мам

«Оқжетпес» мен «Тобылдың» ойыны тікелей эфирде Qazsport HD арнасында көрсетіледі. Матч 14:00-де басталады. Ал шетелдегі жанкүйерлер осы турдағы барлық ойындарды elevensports.com, FIFA+ және onefootball.com сайтарында көре алады. Просмотров: 3

21 Мам

«Тобыл» мен «Мақтааралдың» ойыны тікелей эфирде Qazsport HD арнасында көрсетіледі. Матч 16:00-де басталады. Ал шетелдегі жанкүйерлер осы турдағы барлық ойындарды elevensports.com, FIFA+ және onefootball.com сайтарында көре алады. Просмотров: 4

19 Мам

Қазақстан OLIMPBET-Чемпионатының X туры атақты футболшы және бапкер Владимир Никитенконың құрметіне өтеді. Владимир Андреевич футболшы мансабының көп бөлігін алматылық «Қайратта» өткізді, сонымен қатар павлодарлық «Трактор», «Химик» (Жамбыл) және алматылық «Достық» командаларында ойнады. «Қайраттағы» мансабы кезінде ол КСРО чемпионатының жоғарғы лигасында 256 матч өткізді. Бұл кеңес дәуіріндегі клубтың рекорды болды. Бапкер ретінде Никитенко «Химик», «Достық», «Ақтөбе»,…

03 Мам

6 мамырда қостанайлықтар «Қайратты» қабылдайды. Кездесу сағат 17:00-де басталады. Бұл ойынға билеттерді бүгіннен бастап біздің ресми сайтымыздан (fctobol.kz.) сатып ала аласыз. Билет бағасы – 1000 теңге, зейнеткерлер мен балаларға 500 теңгеден. Просмотров: 4

27 Сәу

«Тобыл Ж» бас бапкері «Оқжетпес Ж» командасына қарсы ойын туралы пікірін айтты: – Матч қиынға соқты, қарсылас тікелей пастармен ойнады. Олар біздің қорғаушыларымыздан асыра пас тастауға тырысты, жалпы антропометрия бойынша қарсыластар біздің ойыншылардан асып түседі. Бірақ біз бұл жағдайдан пастар арқылы шығуға тырыстық, жақсы ойнадық. Жалпы, бірінші таймды жаман өткізген жоқпыз, екінші таймда біз аздап…

24 Сәу

Сары-жасылдардың жартылай қорғаушысы «Ақтөбеге» қарсы ойын туралы пікірін білдірді: – Дербиде ойнау әрқашан қиын. Кешегі матчта жеңіске жету үшін бізге аздаған жинақылық жетіспеді, бірақ гол соғатын сәттер болды. Үзілістен кейін гол жіберіп алдық. Ал дерби қателіктерді кешірмейді. Бірақ жіберіп алған екі доптан кейін біз еңсе түсірген жоқпыз, өз күшімізге сендік. Жігіттер қажет шағында жиналып, мінез…

20 Сәу

«Тобылдың» жартылай қорғаушысы Қазақстан Кубогының алғашқы матчы туралы пікірін айтты. Иван Рогач: – Қиын ойынды күттік. Бірақ бәрі ойдағыдай болды. Бұдан да көп гол соғуымыз мүмкін еді. «Ақсу» құрамында сапалы футболшылар бар, қарсыластың мықты жақтарын білдік. Біз үшін екі сәтсіз ойыннан кейін жеңіске жету қажет болды. Бұл, ең алдымен, психологиялық тұрғыдан өте маңызды жеңіс. Мен…