21 Ақп

«Тобыл» бас бапкері Түркиядағы екінші жиынның қысқаша қорытындысын бөлісті: — Екінші жиынның соңғы күні екі бақылау матчы өткізілді. «Спартак-2» командасымен алғашқы ойынға келетін болсақ, аумақтық және ойын артықшылығымен екі таймды өткізген жас ойыншыларға ризамын. Олар өздерінің мүмкіндіктерін жүзеге асырды, одан да соғуға болар еді. Жас ойыншыларымыздың қалай жұмыс істеп жатқанына және өздерін дәлелдеуге тырысатынына қуанамын….

15 Ақп

Metaratings халықаралық ақпараттық-талдау порталы «Тобыл» футбол клубымен серіктестік туралы келісім жасасты.   Metaratings – Қазақстан, АҚШ, Украина, Беларуссия, Өзбекстан, Тәжікстан және Ресейде аймақтық өкілдігі бар халықаралық спорттық БАҚ.   Қазақстан футболы туралы эксклюзивті жаңалықтарды Meta-ratings.kz сайтынан оқыңыз. Просмотров: 20

15 Ақп

Жартылай қорғаушы сары-жасылдардың құрамында 2023 жылдың соңына дейін доп тебеді. Асмир Сульич мансабын «Сараево» клубында бастады. Сондай-ақ, «Уйпешт», «Олимпия Любляна», «Диошдьор», «Маккаби Петах-Тиква», «Заглембе» сияқты клубтарда өнер көрсетті. Босния мен Герцеговина жастар құрамасында да ойнады. 2017 жылы ол Венгрия мемлекетінің азаматтығын алды. Сульич сол қапталда өнер көрсете алады, бірақ негізгі шебі – шабуылдаушы жартылай қорғаушы….

14 Ақп

Жартылай қорғаушы сары-жасылдардың құрамында 2023 жылдың соңына дейін доп тебеді. 23 жастағы босниялық жартылай қорғаушы Йован Илич өткен маусымды Сербияның екінші дивизионында өткізді. «Нови-Сад» командасы үшін Илич 19 матчта алаңға шығып, 6 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді. Босния және Герцеговина жастар құрамасы сапында 5 матч өткізді. Туған жылы: 30 қаңтар 2000 Бойы: 176 см Салмағы:…

14 Ақп

Қостанайлық клубтың бас бапкері ОЖЖ барысындағы «Енисейге» қарсы ойын туралы пікірін бөлісті. – ОЖЖ-да матч нәтижесі маңызды емес. Ең бастысы – қателігімізді анықтап, жетіспей жатқан жақты жөнге келтіру, соған уақыт бөлу. Бұл ойындар сол үшін қажет. Бүгін бізде эмоция мен жеңіске деген ұмтылыс болды. Жігіттер тырысып бақты, олар жарады. «Енисейге» қарсы біз қорғаныс пен шабуылда…

13 Ақп

Футбол үйінде 2023 жылғы Қазақстан OLIMPBET-Кубогының жеребесі тартылды. Бастапқы кезеңде Бірінші және Екінші лига өкілдері клубтардың рейтингісіндегі орындарға байланысты төрт себетке бөлінді. Жеребе қорытындысы бойынша келесі топтар құрылды: «А» тобы: «Ақжайық», «Алтай», «Жас Қыран», «AKAS» «В» тобы: «Тараз», «Жеңіс», «Арыс», «Елімай» «С» тобы: «Қыран», «Оңтүстік академиясы», «SD Family», «Ұлытау» «D» тобы: «Тұран», «Яссы», «Хан Тәңірі», «Жетісай»….

12 Ақп

13 ақпанда «Тобыл» Ресейдің «Енисей» клубымен ойнайды. Қарсыласымыз туралы бірер дәйек. Красноярсктің «Енисейі» 1937 жылы «Локомотив» деген атпен құрылған. «Енисейі» – екінші дивизион командалары арасындағы ел біріншілігінің аймақтық турнирлерінің бес дүркін жеңімпазы (1966, 1995, 1998, 2005 және 2010). Клуб 2016/2017 және 2017/2018 маусымдарында ең үлкен жетістікке қол жеткізді, маусым қорытындысы бойынша 3-ші орынға ие болды…

11 Ақп

Сары-жасылдардың қорғаушысы баспасөз қызметіне берген сұхбатында мансабының басталуы, балалық шағының кумирі мен мақсаттары туралы айтты. Мансабының басталуы туралы – Бала кезден футболды жақсы көрдім, аулада көп ойнайтынбыз. Ата-анам мені туған қалам Косовска-Митровицадағы «Трепча» футбол клубына апарды, сол жерде мен футболдағы алғашқы қадамымды жасадым. Мен, барлық балалар сияқты, шабуылда ойнағанды және гол соғуды қалайтынмын. Бірақ кейінірек,…

10 Ақп

Бүгін сары-жасылдардың құрамына 25 жастағы ресейлік қорғаушы қосылды. Альберт Ардон қаласында (Солтүстік Осетия) дүниеге келген. Жергілікті «Юность» спорт мектебінің тәрбиеленушісі. Бірінші жаттықтырушы – Ахсар Годжиев. «Тобыл» – Габараев мансабындағы жетінші кәсіби клуб. Альберт Қырым Республикасының Біріншілігінде, Армения мен Беларусь чемпионаттарында, Ресейдің Олимп-ПФЛ командаларында ойнады. Бұған дейін «Родина» (Мәскеу) командасының намысын қорғады. Футболшымен келісім-шарт бір жылға жасалды….

09 Ақп

«Тобыл» футбол клубы 28 жастағы қақпашымен еңбек келісімін жасады. Футболшымен келісім-шарт маусымның соңына дейін жасалды. Иван – Мәскеудің «Спартак» командасының тәрбиеленушісі. 2013 жылғы маусымда «Амкар» жастар құрамы үшін 18 матч өткізді. Осыдан кейін ол «СКЧФ Севастополь» және «Астрахань» клубтарында мансабын жалғастырды. Келесі 1,5 жылды Сербия Суперлига ойнайтын «Раднички Ниш» сапында өткізсе, 2017 жылдың қыркүйегінде ол Беларуссияның…