31 Мам

Күн голы. Ермек Қуантаев Бүгін Ермек Қуантаевтың «Сұңқар» қақпасына соққан голын назарларыңызға ұсынамыз. Бұл ойын 4:0 есебімен қостанайлықтардың пайдасына аяқталған болатын. Ермектің ойыны есіңізде ме?   Гол авторы: Ермек Қуантаев Турнир: Қазақстан Премьер-Лигасы, 19 тур Өтетін орны мен уақыты: Қостанай қ. «Орталық» стадионы / 2012 жылғы 5 тамыз Просмотров: 42

28 Мам

Мамыр айының «Olimpbet-үздік ойыншысы». Таңдаңыз Ай сайын «Тобыл» ФК «Olimpbet» БК-мен бірлесіп, айдың үздік ойыншысын анықтау үшін сауалнама өткізеді. Мамыр айында «Тобылдың» үздік ойыншысын таңдау бойынша дауыс беруді бастаймыз. Сауалнама «Вконтакте» (https://vk.com/fctobol) әлеуметтік желісіндегі парақшамызда өтеді. Просмотров: 30

25 Мам

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы 2022 жылғы Қазақстан OLIMPBET-Чемпионатының кейінге қалдырылған ойындарының өткізу күндерінің бекітілуіне байланысты жақын арада өтетін үш турдың ойындарының өткізу күндеріне өзгерістер енгізілгенін хабарлайды. Бұл өзгерістер соның ішінде жарыс ойындарының Qazsport, Q Sport Qazaqstan және Q Sport League республикалық телеарналарында тікелей эфирде жоспарлануына байланысты орын алып отыр. OLIMPBET-Чемпионатының 14, 15, 16 турларының ойын…

23 Мам

Үзіліс Қостанайлық клубтың негізгі құрамы бір апта демалысқа шықты. «Мақтааралмен» өткен ойыннан соң «Тобыл» футболшылары қысқа мерзімді демалысқа шықты. Жаттығу жұмыстары 30 мамырда жалғасады. Кейін командаға ұлттық құрамаға шақырту алған футболшылар қосылады. Еске салсақ, ел құрамасы Ұлттар лигасында төрт ойын өткізеді. Қарсыластар: Әзірбайжан, Словакия және Белоруссия. Просмотров: 57

20 Мам

Милан Миланович – «Тобылдың» бас бапкері Сербиялық маман қостанайлық клубтың бас бапкері лауазымына тағайындалды. Милан Миланович 1963 жылы 10 қаңтарда дүниеге келген. Белградтың «Чукарички», Германияның «Аугсбург» клубтарында доп тепкен. Миланович бапкерлік мансабын 90-шы жылдардың ортасында бастады, Фарер аралдарының «ВБ Вагур» және «Тверойри» командаларын жаттықтырды. 2009 жылы Босния және Герцеговинаның «Лакташи» клубын басқарды, 2011 жылы «Шерифте»…

20 Мам

Айбар Жақсылықов жарақат алды Қостанайлық футболшы жарақатына байланысты «Мақтааралға» қарсы алаңға шықпайды. Еске салсақ, ол «Ақтөбе» – «Тобыл» кездесуінде тізе жарақатын алып, алаңнан ертерек кеткен болатын. Сонымен қатар шабуылшы Қазақстан құрамасының алдағы матчтарына да қатыса алмайды. Просмотров: 27