
«Тобыл» футбол орталығының 2011 және 2012 жылы туған жасөспірімдері Freedom QJ League 18 туры аясында Павлодарда «Ертіс» командаларымен кездесті.
«Жұлдыз» стадионында әуелі U15 санатындағы командалар алаңға шықты. Кездесудің бірінші бөлігінде алаң иелері есеп ашып, үзіліске 1:0 есебімен аттанды. Екінші тайм бастала салысымен «Ертіс» басымдығын еселеп, екінші голын соқты.
Алайда қостанайлықтар ойын тізгінін қарсыласқа толықтай беріп қойған жоқ. Екінші таймда алаңға шыққан шабуылшы Кирилл Гаврилов қос гол соғып, командасын жеңілістен құтқарды. Қорытынды есеп — 2:2.
Осы тең ойыннан кейін «Тобыл» турнирлік кестедегі екінші орнын сақтап қалды. Чемпионаттың аяқталуына төрт тур қалғанда костанайлықтар үшінші сатыдағы командадан бес ұпай алда келеді.
Ал Вячеслав Попырко шәкірттері өз кездесуінде есепті бірінші болып ашты. Дегенмен алаң иелері көп ұзамай екі голмен жауап беріп, ойын барысын өз пайдасына өзгертті. Қалған уақытта «Тобыл» таразы басын теңестіруге тырысқанымен, есеп өзгеріссіз қалды — 2:1.
Жеңіліске қарамастан, «Тобыл 2011» шабуылшысы Әділбек Балахмет лиганың үздік сұрмергендері көшін бастап тұр.