
Freedom QJ League 19 туры аясында «Тобыл» футбол орталығының U-15 және U-16 командалары елордалық «Астананы» қабылдады.
Игорь Бугаев шәкірттері күміс жүлде жолындағы маңызды үш ұпайын еншіледі. Руслан Плясковский дубль авторы атанып, тағы бір голға нәтижелі пас берді. Мансұр Ысқақов та қарсылас қақпасынан саңылау тапты. Қақпашы Максим Суховерков нәтижелі пасымен ерекшеленді. Қорытынды есеп — 3:2.
Вячеслав Попырко шәкірттері алғашқы 20 минутта екі гол өткізіп алды. Екінші таймда Әділбек Балахмет пенальтиден есеп айырмасын қысқартқанымен, таразы басын теңестіруге уақыт жетпеді.
Осы ойындардан кейін командалар халықаралық үзіліске аттанады.