Freedom QJ League 19-туры аясында «Тобыл» жасөспірімдері елордада «Астанаға» қарсы ойнады.

2010 жылғы команда 1:3 есебімен жеңілді. «Тобылдың» жалғыз голын Саян Асылхановтың пасынан Ерасыл Сейдахметов соқты.

Олег Лотов шәкірттері болса 1:0 есебімен жеңіске жетті. Жеңіс голының авторы — үшінші матч қатарынан мергендік танытқан Роман Гаврилюк. Осы жеңістен кейін команда турнирлік кестеде 4-орынға көтерілді.

Келесі ойын — 11 қазанда «Ақтөбеге» қарсы.

15 сентября, 2026