«Тобыл Аренада» 2010 және 2009 жылы туған жасөспірімдер Freedom QJ League 18-туры аясында павлодарлық «Ертіс» командаларын қабылдады.

«Тобыл-2010» өз кездесуінде алғашқы болып есеп ашқанымен, артынша қонақтар үш голмен жауап берді. Ойын соңында Ерасыл Сейдахметов командасының екінші голын соқты. Қорытынды есеп — 2:3, «Ертістің» пайдасына.

Ал Олег Лотов шәкірттері алғашқы таймда Нәби Таласбектің голының арқасында есепте алға шықты. Екінші таймда қақпашы Даниил Нұржановтың нәтижелі пасын Нәби Таласбек голға айналдырып, дубль авторы атанды. Команданың үшінші голын Роман Гаврилюк соқты. Артынша қонақтар екі рет мергендік танытқанымен, «Тобыл» жеңісті уысынан шығармады. Таблодағы қорытынды есеп — 3:2.

Қос командамыз келесі ойындарын 12 қыркүйекте «Air Arena» стадионында «Астана» командаларына қарсы өткізеді.

8 сентября, 2026