
«Тобыл» футбол клубы команданың бас бапкері Мирослав Ромащенкомен келісім-шарттың ұзартылғанын хабарлайды.
Мирослав Юрьевич 2026 жылдың сәуір айында қостанайлық клубтың тізгінін ұстаған болатын. Маусым қорытындысы бойынша «Тобыл» басшылығы тәжірибелі маманмен әріптестікті жалғастыру туралы шешім қабылдады.
Клуб бас бапкер мен оның жаттықтырушылар штабына толық сенім білдіреді және команданың одан әрі дамып, алға қойылған спорттық мақсаттарға қол жеткізетініне үміт артады.
Алдағы маусымда жаттықтырушылар штабының алдында бәсекеге қабілетті құрам жасақтау, ойын сапасын арттыру және Қазақстан чемпионатында жоғары орындар үшін күресу міндеттері тұр.