Ресми мәлімдеме

БАҚ командамыздың футболшысы Папе Альюн Ндиайеге қатысты оқиға туралы ақпараттың таралуына байланысты аталған жағдайдың шынымен де орын алғанын хабарлаймыз.

Оқиға тұрмыстық сипатта болған, көршілер арасындағы келіспеушіліктен туындаған. Бұл жағдай футболшы мен оның отбасы мүшелерін алаңдатқанымен, абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ.

Қазіргі уақытта жанжал бейбіт жолмен толық реттелді. Тараптар өзара түсіністікке келіп, бір-біріне ешқандай шағымдары жоқ екенін білдірді. Оқиғаның мән-жайы құқық қорғау органдарының назарында.

Футболшы мен оның отбасы қауіпсіз жерде, олардың өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

«Тобыл» футбол клубы өз ойыншысы мен оның отбасына қолдау білдіреді. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен жұртшылықты расталмаған ақпарат таратудан бас тартуға шақырамыз.

4 ноября, 2026