1994 жылдың қыркүйегінде Қостанайда клубтың атын өзгертуге арналған баспасөз конференциясы өтті. Нәтижесінде клуб жаңа маусымға «Тобыл» атауымен енді. 1995 жылға дейін команда «Химик» деп аталған-ды. Бүгінде біздің клуб жаңа дәуірге нық қадам басты! 30 жыл ішінде біз қиындықтарды да, жеңістерді де және толайым табыстарды да бірге көрдік. Бұл жай ақпар емес, бұл біздің жетістіктеріміз, мақтанышымыз, тарихымыз!…