«Тобыл U18» ойыншылары Роман Гаврилюк және Руслан Джетенов Freedom QJ League 19 турының үздіктер құрамына енді.
«Тобыл U18» ойыншылары Роман Гаврилюк және Руслан Джетенов Freedom QJ League 19 турының үздіктер құрамына енді.
Freedom QJ League 19-туры аясында «Тобыл» жасөспірімдері елордада «Астанаға» қарсы ойнады. 2010 жылғы команда 1:3 есебімен жеңілді. «Тобылдың» жалғыз голын Саян Асылхановтың пасынан Ерасыл Сейдахметов соқты. Олег Лотов шәкірттері болса 1:0 есебімен жеңіске жетті. Жеңіс голының авторы — үшінші матч қатарынан мергендік танытқан Роман Гаврилюк. Осы жеңістен кейін команда турнирлік кестеде 4-орынға көтерілді. Келесі ойын…
Футболшы статистикалық деректері бойынша QJ League спорттық-сараптамалық бөлімімен таңдалды. Құттықтаймыз, Нәби!
Freedom QJ League 19 туры аясында «Тобыл» футбол орталығының U-15 және U-16 командалары елордалық «Астананы» қабылдады. Игорь Бугаев шәкірттері күміс жүлде жолындағы маңызды үш ұпайын еншіледі. Руслан Плясковский дубль авторы атанып, тағы бір голға нәтижелі пас берді. Мансұр Ысқақов та қарсылас қақпасынан саңылау тапты. Қақпашы Максим Суховерков нәтижелі пасымен ерекшеленді. Қорытынды есеп — 3:2. Вячеслав…
«Тобыл U18» ойыншылары Нәби Таласбек және Никита Лисохмар Freedom QJ League 18 турының үздіктер құрамына енді.
«Тобыл Аренада» 2010 және 2009 жылы туған жасөспірімдер Freedom QJ League 18-туры аясында павлодарлық «Ертіс» командаларын қабылдады. «Тобыл-2010» өз кездесуінде алғашқы болып есеп ашқанымен, артынша қонақтар үш голмен жауап берді. Ойын соңында Ерасыл Сейдахметов командасының екінші голын соқты. Қорытынды есеп — 2:3, «Ертістің» пайдасына. Ал Олег Лотов шәкірттері алғашқы таймда Нәби Таласбектің голының арқасында есепте…
«Тобыл» футбол орталығының 2011 және 2012 жылы туған жасөспірімдері Freedom QJ League 18 туры аясында Павлодарда «Ертіс» командаларымен кездесті. «Жұлдыз» стадионында әуелі U15 санатындағы командалар алаңға шықты. Кездесудің бірінші бөлігінде алаң иелері есеп ашып, үзіліске 1:0 есебімен аттанды. Екінші тайм бастала салысымен «Ертіс» басымдығын еселеп, екінші голын соқты. Алайда қостанайлықтар ойын тізгінін қарсыласқа толықтай беріп…
Freedom QJ League ССБ өкілдері «Тобыл» футбол орталығының 2013 жылы туған жасөспірімдерінің фитнес-деректерін жинақтауда. Жиналған мәліметтер негізінде әр ойын шебіне сәйкес модельдік сипаттамалар қалыптастырылып, футболшылардың физикалық көрсеткіштерін жетілдіруге бағытталған нақты ұсыныстар әзірленеді. Бұл жұмыстар жас футболшылардың әлеуетін бағалап, олардың алдағы уақытта Freedom QJ League дайындығын жүйелі түрде арттыруға мүмкіндік береді 💪
«Тобыл U18» ойыншысы Руслан Джетенов Freedom QJ League 17 турының үздіктер құрамына енді.
Freedom QJ League 17-туры аясында «Тобылдың» 2011 және 2012 жылы туған жасөспірімдер командалары «Тобыл Аренада» «Тараз» командасын қабылдап, қос кездесуде де жеңіске жетті. Алғашқы матчта Игорь Бугаевтың жетекшілігіндегі «Тобыл-2012» қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсті. Қостанайлықтар сапында Исмеджан Бермұхамбет пен Илдар Жармағамбетов мергендік танытты. Сенімді жеңістің арқасында «Тобыл-2012» турнирлік кестедегі өз орнын сақтап қалды. Ал «Тобыл-2011»…