«Тобыл 2009» Freedom QJ League 8 туры аясында өз алаңында елордалық «Астана 2009» командасын 3:1 есебімен жеңді.

Олег Лотовтың шәкірттері алдымен 11 метрлік айып соққысынан гол өткізіп алды. Дегенмен Ислам Жантасовтың дублі мен Алан Көпжасаровтың голының арқасында қостанайлықтар ойын тағдырын өз пайдасына шешті.

Келесі матчты команда сырт алаңда «Ақтөбе 2009» командасына қарсы өткізеді.

23 июня, 2026