Қазақстан Премьер-лигасының 18-туры аясында өткен «Қызылжарға» қарсы матчта Әлібек Жайлаубаев пен Эмин Мусаев «Тобылдың» негізгі құрамында дебют жасады.

Жайлаубаев пен Мусаев қазір «Тобыл Ж» командасының намысын қорғап жүр. Биыл Бірінші лига маусымында олар тұрақты түрде ойын тәжірибесін жинақтап, сенімді ойындарымен көзге түсуде.

20 июля, 2026