24 Июл

Шығыс мінберге – тегін билеттер ⚽️ Осы жексенбіде бізді «Атырауға» қарсы матч күтіп тұр. Ойын уақыты – 18:00 | «Орталық» стадион Шығыс мінберге кіру тегін. Ал батыс мінбердің билеттерін біздің сайттан сатып ала аласыз: fctobol.kz. Стадионда кездескенше!

20 Июл

Қазақстан Премьер-лигасының 18-туры аясында өткен «Қызылжарға» қарсы матчта Әлібек Жайлаубаев пен Эмин Мусаев «Тобылдың» негізгі құрамында дебют жасады. Жайлаубаев пен Мусаев қазір «Тобыл Ж» командасының намысын қорғап жүр. Биыл Бірінші лига маусымында олар тұрақты түрде ойын тәжірибесін жинақтап, сенімді ойындарымен көзге түсуде.

11 Июл

Осы жексенбіде бізді «Оқжетпеске» қарсы матч күтіп тұр. Ойын уақыты – 20:00 | «Орталық» стадион Шығыс мінберге кіру тегін. Ал батыс мінбердің билеттерін біздің сайттан сатып ала аласыз: fctobol.kz. Стадионда кездескенше!

08 Июл

«Тобыл» футбол клубы Конференция Лигасы матчтарында жұмыс істеу үшін журналистерді аккредиттеудің басталғаны туралы хабарлайды. Рұқсат қағазын алу үшін кандидатураңызды мына электронды мекенжайға жіберу қажет – koishymanovkt@gmail.com Әрбір делегаттан келесі деректер пакеті бар жеке өтінім сұралады: 1) Ұйымның атауы 2) делегаттың аты-жөні (латын әріптерімен), лауазымы. 3) делегат ұсынатын бас редактордың / басшының қолы және ұйымның мөрі…

07 Июл

«Тобыл» футбол клубы жартылай қорғаушы Дамир Мараттың 2026 жылдың соңына дейін «Астана» клубына жалға берілгенін хабарлайды.

29 Июн

«Тобыл 2009» командасының қақпашысы Нұржанов Freedom QJ League үздік ойыншыларынан құралған құрамына шақырту алды. 11 шілде күні Алматы қаласындағы «Хан Тәңірі» стадионында үлкен футбол кеші өтеді. Лиганың ең дарынды жас таланттары германиялық «Боруссия Мёнхенгладбах» клубының академиясына қарсы тарихи матчта бақ сынайды.