13 Авг

Қостанайлық «Тобыл» УЕФА Конференциялар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде белградтық «Партизанға» қарсы қарымта матч өткізді. Командалардың бастапқы құрамы: «Тобыл»: Бусурманов, Сенаджи, Ндиайе, Жагоров, Тағыберген, Сиссе, Асранкулов, Чесноков, Лисакович, Милованович, Герра. «Партизан»: Крунич, Милич, Роганович, Митрович, Джурджевич, Вукотич, Костич, Алилович, Сек, Трифунович, Койцек. Матчтың алғашқы минуттарынан-ақ «Тобыл» тізгінді өз қолына алып, қарсылас алаңында белсенді қимылдады. Бірінші тайм…

11 Авг

Конференция Лигасы үшінші кезеңі аясындағы «Партизанға» қарсы матчтың электронды билеттері сатылымда. Матч 13 тамызда 20.00-де «Орталық» стадионда басталады. Билеттерді сайтымыздан сатып ала аласыз – fctobol.kz Билет бағасы: – Батыс мінбер – 2500 | 3000 теңге – Шығыс мінбер – 1000 | 1500 теңге.

08 Авг

Қазақстан футбол федерациясының шешіміне сәйкес Қазақстан Премьер-лигасының 21 туры аясындағы «Тобыл» мен «Қайсар» командалары арасындағы матчтың датасы кейінге ауыстырылды. Матчтың шегерілуіне Қостанай клубының УЕФА Конференция лигасының іріктеу кезеңдеріне қатысуы себеп болды. Матчтың уақыты туралы қосымша хабарланады.

26 Июл

Конференция Лигасы екінші кезеңі аясындағы Литваның «Паневежисіне» қарсы матчтың электронды билеттері сатылымда. Матч 30 шілдеде 19.00-де «Орталық» стадионда өтеді. Билеттерді сайтымыздан сатып ала аласыз – fctobol.kz Билет бағасы: – Батыс мінбер – 2500 теңге – Шығыс мінбер – 1000 теңге.

24 Июл

Шығыс мінберге – тегін билеттер ⚽️ Осы жексенбіде бізді «Атырауға» қарсы матч күтіп тұр. Ойын уақыты – 18:00 | «Орталық» стадион Шығыс мінберге кіру тегін. Ал батыс мінбердің билеттерін біздің сайттан сатып ала аласыз: fctobol.kz. Стадионда кездескенше!

20 Июл

Қазақстан Премьер-лигасының 18-туры аясында өткен «Қызылжарға» қарсы матчта Әлібек Жайлаубаев пен Эмин Мусаев «Тобылдың» негізгі құрамында дебют жасады. Жайлаубаев пен Мусаев қазір «Тобыл Ж» командасының намысын қорғап жүр. Биыл Бірінші лига маусымында олар тұрақты түрде ойын тәжірибесін жинақтап, сенімді ойындарымен көзге түсуде.

11 Июл

Осы жексенбіде бізді «Оқжетпеске» қарсы матч күтіп тұр. Ойын уақыты – 20:00 | «Орталық» стадион Шығыс мінберге кіру тегін. Ал батыс мінбердің билеттерін біздің сайттан сатып ала аласыз: fctobol.kz. Стадионда кездескенше!

08 Июл

«Тобыл» футбол клубы Конференция Лигасы матчтарында жұмыс істеу үшін журналистерді аккредиттеудің басталғаны туралы хабарлайды. Рұқсат қағазын алу үшін кандидатураңызды мына электронды мекенжайға жіберу қажет – koishymanovkt@gmail.com Әрбір делегаттан келесі деректер пакеті бар жеке өтінім сұралады: 1) Ұйымның атауы 2) делегаттың аты-жөні (латын әріптерімен), лауазымы. 3) делегат ұсынатын бас редактордың / басшының қолы және ұйымның мөрі…

07 Июл

«Тобыл» футбол клубы жартылай қорғаушы Дамир Мараттың 2026 жылдың соңына дейін «Астана» клубына жалға берілгенін хабарлайды.

28 Июн

Ислам Чесноков «Тобылға» қайта оралды! Жартылай қорғаушы былтыр Шотландияның «Хартс» клубына ауысқан еді. Футболшымен 2028 жылдың соңына дейінгі келісім-шартқа қол қойылды. Бұған дейін Ислам «Тобыл» сапында Қазақстан Кубогін екі мәрте жеңіп алып, Қазақстан Суперкубогі иегерi атынды.