20 Июл

Қазақстан Премьер-лигасының 18-туры аясында өткен «Қызылжарға» қарсы матчта Әлібек Жайлаубаев пен Эмин Мусаев «Тобылдың» негізгі құрамында дебют жасады. Жайлаубаев пен Мусаев қазір «Тобыл Ж» командасының намысын қорғап жүр. Биыл Бірінші лига маусымында олар тұрақты түрде ойын тәжірибесін жинақтап, сенімді ойындарымен көзге түсуде.

11 Июл

Осы жексенбіде бізді «Оқжетпеске» қарсы матч күтіп тұр. Ойын уақыты – 20:00 | «Орталық» стадион Шығыс мінберге кіру тегін. Ал батыс мінбердің билеттерін біздің сайттан сатып ала аласыз: fctobol.kz. Стадионда кездескенше!

08 Июл

«Тобыл» футбол клубы Конференция Лигасы матчтарында жұмыс істеу үшін журналистерді аккредиттеудің басталғаны туралы хабарлайды. Рұқсат қағазын алу үшін кандидатураңызды мына электронды мекенжайға жіберу қажет – koishymanovkt@gmail.com Әрбір делегаттан келесі деректер пакеті бар жеке өтінім сұралады: 1) Ұйымның атауы 2) делегаттың аты-жөні (латын әріптерімен), лауазымы. 3) делегат ұсынатын бас редактордың / басшының қолы және ұйымның мөрі…

07 Июл

«Тобыл» футбол клубы жартылай қорғаушы Дамир Мараттың 2026 жылдың соңына дейін «Астана» клубына жалға берілгенін хабарлайды.

28 Июн

Ислам Чесноков «Тобылға» қайта оралды! Жартылай қорғаушы былтыр Шотландияның «Хартс» клубына ауысқан еді. Футболшымен 2028 жылдың соңына дейінгі келісім-шартқа қол қойылды. Бұған дейін Ислам «Тобыл» сапында Қазақстан Кубогін екі мәрте жеңіп алып, Қазақстан Суперкубогі иегерi атынды.

26 Июн

Осы жексенбіде бізді «Алтайға» қарсы матч күтіп тұр. Ойын уақыты – 18:00 | «Орталық» стадион Шығыс мінберге кіру тегін. Ал батыс мінбердің билеттерін біздің сайттан сатып ала аласыз: fctobol.kz. Стадионда кездескенше!

18 Июн

«Паневежис» – «Тобылдың» қарсыласы УЕФА штаб-пәтерінде УЕФА Конференция лигасы 2026/27 екінші іріктеу кезеңінің жеребесі өтті. Қазақстан Кубогының иегері «Тобылдың» қарсыласы Литваның Паневежис қаласының өзі аттас клубы болды. Екінші іріктеу кезеңінің матчтары 23 және 30 шілде күндері өтеді. Біздің команда алғашқы ойынын сырт алаңда өткізсе, қарымта кездесу Қостанайда ұйымдастырылады.

17 Июн

«Тобыл» ықтимал қарсыластарын анықтады Қостанайлық «Тобыл» УЕФА Конференция лигасының 2026/27 жылғы маусымындағы екінші іріктеу кезеңінде кездесуі мүмкін қарсыластарын білді. Алдын ала бөлудің қорытындысы бойынша Мирослав Ромащенко жаттықтыратын команданың ықтимал қарсыластары беске дейін қысқарды. «Сары-жасылдар» Хорватияның «Хайдук» және Словакияның «Жилина» командалары арасындағы жұптың жеңімпазымен немесе келесі клубтардың бірімен кездесуі мүмкін: Литваның «Паневежисі», Украинаның ЛНЗ (Черкассы) клубы,…

03 Июн

Маусым айында «Тобылды» Қазақстан Премьер-лигасының үш кездесуі күтіп тұр. 13 маусым күні сары-жасылдар өз алаңында петропавлдық «Қызылжарды» қабылдайды. 21 маусымда жерлестеріміз Көкшетауға барып, жергілікті «Оқжетпеспен» кездеседі. Ал 28 маусым күні Қазақстан Премьер-лигасының 15-туры аясында «Тобыл» өз алаңында «Алтайды» қабылдайды.

22 Май

“Тобылдың” келесі қарсыласы-шымкенттік “Ордабасы”. Ойын 23 мамырда сағат 20:00-де өтеді. Шығыс мінберіне кіру тегін! Батыс мінбердің билеттері онлайн сатылымда (fctobol.kz) Достарыңызды алып, өз командаңызды қолдауға келіңіз. Алға, “Тобыл”!