«Паневежис» – «Тобылдың» қарсыласы

УЕФА штаб-пәтерінде УЕФА Конференция лигасы 2026/27 екінші іріктеу кезеңінің жеребесі өтті.

Қазақстан Кубогының иегері «Тобылдың» қарсыласы Литваның Паневежис қаласының өзі аттас клубы болды.

Екінші іріктеу кезеңінің матчтары 23 және 30 шілде күндері өтеді. Біздің команда алғашқы ойынын сырт алаңда өткізсе, қарымта кездесу Қостанайда ұйымдастырылады.

18 июня, 2026