
«Тобыл» ықтимал қарсыластарын анықтады
Қостанайлық «Тобыл» УЕФА Конференция лигасының 2026/27 жылғы маусымындағы екінші іріктеу кезеңінде кездесуі мүмкін қарсыластарын білді.
Алдын ала бөлудің қорытындысы бойынша Мирослав Ромащенко жаттықтыратын команданың ықтимал қарсыластары беске дейін қысқарды. «Сары-жасылдар» Хорватияның «Хайдук» және Словакияның «Жилина» командалары арасындағы жұптың жеңімпазымен немесе келесі клубтардың бірімен кездесуі мүмкін: Литваның «Паневежисі», Украинаның ЛНЗ (Черкассы) клубы, Молдованың «Зимбруы» және Латвияның «Аудасы».
Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңіне арналған жеребе тарту рәсімі бүгін, 17 маусым күні Ньон қаласында өтеді. Рәсімнің басталуы Қазақстан уақыты бойынша 17:00-ге жоспарланған.