
Полина Осипова: «Маусым алдында үлкен жұмыс атқарылды»
«Тобыл» әйелдер футбол клубының капитаны Полина Осипова маусымның басталуы туралы ойын бөлісті.
– Мен үшін бұл ерекше сәт. Осы клубта өстім, кішкентай кезімнен бері осындамын, ал қазір «Тобылды» капитан ретінде алаңға бастап шығу – мен үшін үлкен мәртебе әрі зор жауапкершілік.
– Менің ойымша, бұл жерде оқу-жаттығу жиындарындағы жақсы дайындық пен жаттықтырушылар штабының сенімі үлкен рөл атқарды. Алғашқы ойыннан бастап өзімді сенімді сезіндім, оған қоса команда да маған көп көмектесті. Сондықтан бұл – бүкіл команданың еңбегі.
– Жауапкершілік артты: енді тек өз ойыным үшін ғана емес, алаңдағы командалық әрекеттер мен ұжымдағы атмосфера үшін де жауап беремін. Көбірек сөйлесетін болдым, бағыт-бағдар беріп, кейде бастаманы өз қолыма аламын.
– Жеке өзіме әр ойында алға жылжу, командаға пайдалы болу және барынша көмектесу міндетін қойдым. Ал команда үшін басты мақсат – жеңіске жету, турнирлік кестеде мүмкіндігінше жоғары көтерілу және сапалы футбол көрсету.
– Маусымға дайындық жоғары деңгейде өтті. Жаттықтырушылар штабы физикалық тұрғыда да, тактикалық жағынан да өте үлкен әрі сапалы жұмыс атқарды. Маусым басталар сәтте бізді өте жақсы формаға келтірді. Қазір біз толық дайынбыз және алаңда бізден не талап етілетінін жақсы түсінеміз. Енді сол бағытта жұмысты жалғастыру маңызды, сонда бәрі ойдағыдай болады.