
Сары-жасылдардың шабуылшысы павлодарлық «Ертіске» қарсы матч туралы пікірін білдірді:
— Он адаммен ойнау өте қиын болды, бірақ команда мінез көрсетіп, соңына дейін күресті. Әрқайсымыз бір-біріміз үшін бар күшімізді салдық.
Жанкүйерлерімізге мың алғыс, олардың қолдауы біз үшін өте маңызды және ең қиын сәттерде алға ұмтылуға күш береді.
Қазір бар ойымыз қалыпқа келіп, сырт алаңдағы Қазақстан Кубогы матчына дайындалу. Біз ол ойынға тыңғылықты дайын болып, келесі кезеңге өту үшін барымызды саламыз.