29 Шіл

Босния мен Герцеговинаның «Зриньски» командасы УЕФА Конференция Лигасының үшінші іріктеу кезеңінде «Тобылдың» қарсыласы атанды «Зриньски» екінші раундта екі матчтың қорытындысы бойынша 4:2 есебімен Албанияның «Тирана» командасын жеңді. Үшінші раундтың бірінші кездесуі 4 тамызда қонақта, ал жауап матчы 11 тамызда Қостанайда өтеді. Еске сала кетейік, «Тобыл» еурокубокта «Зриньскимен» бұған дейін кездескен болатын. 2010 жылы сары-жасылдар іріктеу…

27 Шіл

«Тобылдың» бас бапкері Милан Миланович УЕФА Конференциялар Лигасының екінші кезеңі аясындағы «Линкольн Ред Импс» клубына қарсы қарымта матч жайлы пікір білдірді: – Біріншіден, баршаңызды осынау жеңіспен және Конференциялар Лигасының келесі кезеңіне өтуімізбен құттықтағым келеді. Ойынды жүйелі ұйымдастыру және тактика тұрғысынан бірінші таймды жақсы өткіздік. Ал екінші таймда бірнеше жүз пайыздық сәттер болды, оларды іске асыра…

27 Шіл

Қостанайдың «Тобылы» Конференциялар Лигасының 2 кезеңі аясында Гибралтардың «Линкольн» командасын 0:1 есебімен ұтты Матчтағы жалғыз допты 31-минутта Зоран Тошич соқты.  Екі команда арасындағы алғашқы кездесуде қостанайлық клуб 2:0 есебімен басым түскен болатын. Айта кетсек, аталған жұптың жеңімпазы үшінші іріктеу сатысында «Тирана» (Албания) және «Зриньски» (Босния и Герцеговина) жұбының жеңімпазымен кездеседі. Ойындар 4 және 11 тамыз күндері өткізіледі….

26 Шіл

УЕФА Конференциялар лигасы іріктеу кезеңі аясындағы «Линкольн» мен «Тобыл» ойынын тікелей эфирде республикалық Qazsport телеарнасынан көре аласыз. Матч 22:00-де басталады. Просмотров: 63

24 Шіл

Olimpbet-Кубоктің 3-турындағы «Тобыл» мен «Мақтааралдың» ойыны тікелей эфирде ПФЛК-ТВ YouTube-арнасында көрсетіледі. Матч 19:00-де басталады. Сонымен қатар аталмыш кездесу Qazsport телеарнасының ресми сайтында да қолжетімді. Ал шетелдегі жанкүйерлер осы турдағы барлық ойындарды elevensports.com және onefootball.com сайтарында көре алады. Просмотров: 30

23 Шіл

«Тобыл» футбол клубы ҚФФ президенті Барменқұлов Әділет Назарбайұлының анасы Ұлжамал Мырзабекованың қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. Просмотров: 49

22 Шіл

«Тобыл» Конференция Лигасының екінші іріктеу айналымының алғашқы матчында жеңіске жетті. Қостанайдағы «Орталық» стадионда Милан Милановичтің ойыншылары Гибралтардың «Линкольн Ред Импс» командасын 2:0 есебімен ұтты. Қазақстан чемпионы сапында 65-минутта Айбар Жақсылықов пен 90-минутта Жарко Томашевич ерекшеленді. Енді қарымта ойын 26 шілде күні Гибралтар аралында өтеді.  Просмотров: 56

21 Шіл

«Тобыл» футбол клубы нигериялық жартылай қорғаушы Чиди Осучуквумен маусым соңына дейін келісім-шартқа отырды. Чиди мансабын өз отанында «Гейтвей» және «Долфинс» клубтарында бастап, кейін Португалияның «Брага», Беларус елінің «Динамо» Брест пен «Рух» және ресейлік «Томь» командаларында өнер көрсетті. Чиди осы жылдың ақпан айында «Ордабасыдан» «Тұранға» еркін агент ретінде ауысты. Туған күні: 11 қазан 1993 Бойы: 178…

21 Шіл

Жартылай қорғаушы Рубен Бриджидо тараптардың өзара келісімі бойынша қостанайлық клубтан кетті. Рубен Бриджидо «Тобыл» құрамына 2021 жылы қосылды. Ол сары-жасылдар сапында 36 матч ойнап, 1 гол соқты. «Тобыл» футбол клубының ұжымы Рубенге атқарған жұмысы үшін алғыс білдіреді және алдағы мансабында сәттілік тілейді. Просмотров: 39